×
$
453.26
€
506.7
₽
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
453.26
€
506.7
₽
5.58

WTA қорытынды турнирі: Рыбакинаның топтық кезеңдегі қарсыластары анықталды

Бүгін, 14:50
WTA қорытынды турнирі: Рыбакинаның топтық кезеңдегі қарсыластары анықталды
Қазақстан теннис федерациясы

8-15 қараша аралығында АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін WTA қорытынды турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның топтық кезеңдегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Жеребе қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы бірінші топқа түсті. Бұл топта ол америкалық Кори Гауфф және Джессика Пегуламен, сондай-ақ чехиялық Линда Носковамен кездеседі.

Екінші топқа Беларусь өкілі Арина Соболенко, ресейлік Мирра Андреева, украиналық Элина Свитолина және чехиялық Каролина Мухова кірді.

Топтық кезеңде әр теннисші үш кездесу өткізеді. Әр топтан үздік нәтиже көрсеткен екі спортшы жартылай финалға жолдама алады.

Бұған дейін

Айта кетейік, Елена Рыбакина – WTA қорытынды турнирінің қазіргі чемпионы. Былтыр қазақстандық теннисші финалда Арина Соболенконы жеңіп, бас жүлдеге ие болған еді.