×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Париж Олипиадасы-2024: Қазақстан қоржынына тағы бір жолдама түсті

25.03.2024, 18:01
ҰОК

Қазақстан командасы батуттық гимнастикадан олимпиада жолдамасына ие болды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Olympic.kz сайтынан алынған мәліметке сүйенсек, Котбуста (Германия) өткен әлем кубогі кезеңіндегі жарыс қорытындысына сәйкес Данил Мұсабаев олимпиада жолдамасына қол жеткізді.

Германиядағы әлем кубогі кезеңінде ол 47-орыннан көрінді. Бірақ бес әлем кубогі кезеңінің екеуінде көрсетілген үздік нәтижелер есепке алынады.

Осылайша, спорттың бұл түрі бойынша олимпиадаға іріктеу аяқталды. Парижде 16 ер және 16 әйел өнер көрсетеді. Елдер бойынша Қазақстан 14-сатыға шықты.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров (58 кг) Париж Олимпиадасының лицензиясына ие болды.

Серіктес жаңалықтары