Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сынға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында жапониялық Хаято Кондомен күресті.
Жапониялық спортшы бұл белдесуде жеңіске жетті. Ал Елдос Сметов Азиаданы күміс медальмен аяқтады.
Айта кетейік, бұл оның Азия ойындарындағы екінші медалі. Қазақстандық дзюдошы бұған дейін Инчхон-2014 ойындарында алтын алған еді.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық спорт журналисі Аслан Қаженов Азия ойындарында Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинмен сөзге келгенін айтқан еді.