×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Ереуілшілердің талабы орындала ма - «ҚазМұнайГаз» басшылығы бейнеүндеу жасады

25.03.2024, 18:51
Коллаж Ulysmedia

«Қазмұнайгаз» ҰҚ» АҚ «Westoil Software» мекемесіндегі заңсыз ереуілге қатысушылармен арада жүргізілген келіссөздердің нәтижесімен бөлісті, деп жазады Ulysmedia.kz.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрсейіт Союнов «West Oil Software» ЖШС-ның заңсыз ереуіліне қатысушыларға бейнеүндеу жолдады. Өз үндеуінде ол келіссөздер барысында жұмысшылардың ҚМГ құрамына қабылдауды, оларды ұлттық компанияда қабылданған бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесіне өткізуді және кәсіпорынның жабдықтарын жаңартуды талап еткенін атап өтті.\

ҚМГ ереуілшілердің соңғы талабымен келісті, құрал-жабдықтар әзірленген бағдарламаға сәйкес үш жыл ішінде толық жаңартылады. 
Алайда West Oil Software ұжымын «ҚазМұнайГаз» құрамына енгізу және бірыңғай еңбекақы жүйесіне көшу талаптары орынсыз және олардың орындалмайтынын жеткізді.

Союновтың айтуынша, мекеменің көлік паркін жаңғырту бағдарламасы жүйелі жүзеге асып, жыл соңына дейін 70-тен астам техниканы жаңарту жоспарланған. Барлығы 200-ден астам техника жаңартылмақ.

«Жұмысшылар қойған негізгі талаптарға сәйкес, мекеменің құрал-жабдықтарын жаңартып, жоғары сапалы еңбек жағдайын қамтамасыз ету мақсатында үш жылдық мерзімге 202 бірлік техниканы жаңарту жоспары бекітілді. Жаңарту кестесіне сәйкес кәсіпорынға жаңа техникалар келе бастады. 2023 жылы 17 бірлік техника және 2024 жылдың басынан бастап 4 бірлік техника алынып, іске қосылды. Осы жылдың соңына дейін барлығы 70 бірлік техниканы жаңарту жоспарлануда. Сонымен қатар, қазір  өндірістік ғимаратты жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде», – деді Нұрсейіт Союнов.

Сондай-ақ, Союнов ақпан айында ереуілден кейін қызметіне қайта оралуға шешім қабылдаған 143 қызметкерге наурыз айында жалақы төленгенін атап өтті. Олар еш кедергісіз, штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.

«ҚазМұнайГаз» өкілі заңсыз ереуілге қатысушыларды жұмыс орындарына оралуға шақырып, жұмыссыз қалудың табыссыз қалуға әкеп соғатынын атап өтті.

«Сіздерге күнделікті өндірісте өздеріңізбен жұмыс жасап, қайтадан қызметтерін бастаған 143 азаматпен бірге болып, жұмыс орындарыңызға оралуға шақырамын. Сөзге тоқтаған текті бабалардың ұрпағы, киелі өлкенің азаматтары ретінде ешбір арандатуға түспей, жұмысымызға оралып, адал табыс тауып отырған қызметтеріңізге білек түре қайта кірісу қажет деп санаймын», деді Нұрсейіт Союнов.

West Oil Software қызметкерлері 2023 жылдың 11 желтоқсанынан бастап ереуілге шыққан еді. Олар өздерін «ҚазМұнайГазға» қосуды, сондай-ақ оларға бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесін енгізуді және материалдық-техникалық базаны жаңартуды талап етеді.

Ереуілде жүрген жүздеген қызметкер ереуілге қатысушыларға қысымды тоқтатуды талап етіп, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. 

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Маңғыстау облысындағы жұмысшылардың ереуіліне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Серіктес жаңалықтары