×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Украина Ресейдің мұнай зауыттарын жарып жатыр: мұның Қазақстанға әсері қандай

26.03.2024, 11:52
Фото: Ашық дереккөзден

Украина Ресейдің мұнай зауыттарын жарып жатқандықтан, Ресей тарапы жанар-жағармайды Қазақстаннан сұрап, ел ішінде дефицит туындамай ма? Бұл сұраққа Үкіметте Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Қазақстанда мұнай өнімдерінің негізгі түрлерінің қоры бар. Шамамен, 650 мың тонна дизель мен 454 мың тонна АИ-92 бензині бар. Дизель отыны бүкіл елге екі айға, бензин бір жарым айға жетеді. Мұның бәрі дефициттен құтылуға жол ашады. Бізде жалпы мұнай өнімдерінің тұрақты тасымалы бар, – дейді Алмасадам Сәтқалиев.

Еске сала кетейік, Ресейдің түрлі өңірінде бірнеше күннен бері мұнай базалары жарылған. Украина тарапының беспилотниктерінің шабуылы Ресейдің бұл базасын едәуір әлсіреткен. Атап айтқанда, Орел, Самал, Нижний Новгород облысындағы мұнай зауыттарына зақым келген.

Серіктес жаңалықтары