×
$
452.91
€
509.43
₽
5.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
452.91
€
509.43
₽
5.53

Тоқаев көрші елдермен ынтымақтастықты кеңейтетін екі заңға қол қойды

Бүгін, 13:08
Тоқаев көрші елдермен ынтымақтастықты кеңейтетін екі заңға қол қойды
Ақорда

Қазақстан кеден саласында Өзбекстан және Пәкістанмен ынтымақтастықты кеңейтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметаралық келісімдерді ратификациялау туралы екі заңға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Қазақстан мен Өзбекстан кеден қызметтерінің бір-бірінің аумағында өкілдіктерін ашуға келісті. Бұл мекемелерге ақпарат алмасуды жеделдетіп, шекарада мәселе туындаған жағдайда іс-қимылды үйлестіруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ келісім тауар тасымалын жеделдетіп, көлік құралдарының өткізу бекеттерінен өту уақытын қысқартуға ықпал етеді.

Келісімге 2025 жылғы 15 қарашада Ташкентте қол қойылған. Ал 2026 жылғы 21 қазанда Құрылтай оны мақұлдады.

Пәкістанмен келісім

Екінші құжат кеден заңнамасын бұзуға қарсы күреске қатысты. Қазақстан мен Пәкістан мамандары бір-бірінен экспорттық және транзиттік декларациялар туралы, соның ішінде күдік тудырған жүк жөнелтілімдері жөнінде ақпарат сұрата алады.

Бұдан бөлек, тараптар заңбұзушылықтарды анықтау бойынша бірлесіп жұмыс істеп, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға уағдаласты.

Ақпарат алмасу құпиялылық талаптарын сақтай отырып, «сұрау – жауап» қағидаты бойынша жүзеге асады.

Бұл келісімге 2026 жылғы 4 ақпанда Исламабадта қол қойылған. Енді Қазақстан оны ратификациялау рәсімін аяқтады.