Қазақстандағы әрбір сегізінші оқушы буллингке ұшырайды. HBSC "мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы" халықаралық зерттеуінің деректері осындай тұжырымға келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы жариялаған зерттеу нәтижелері жасөспірімдердің шамамен 11% буллингке ұшырағанын көрсетеді. Оның үстіне ұлдар (14%) қыздарға қарағанда (8%) көбірек сондай жайтпен бетпе-бет келеді. Қазақстандағы жасөспірімдердің шамамен 13% буллингке ұшыраған.
Мектепте бір-бірін қорқытатын балалар жиі кездеседі. Орта есеппен 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 5% буллингке қатысады. Бұл мінез-құлық қыздармен салыстырғанда (4%) ұлдар арасында (6%) жиі кездеседі. Жасөспірімдердің шамамен 7% мектепте буллингпен кездеседі. ұлдар мен қыздар арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ.
Зерттеу сонымен қатар табысы жоғары отбасылардағы жасөспірімдер табысы төмен отбасылардағы жасөспірімдермен салыстырғанда буллинг бастамашысы болатынын анықтаған.
Әрбір он үшінші жасөспірім төбелеске қатысқан. Әлбетте, қыздармен салыстырғанда (4%) ұлдар (12%) төбелеске жиі қатысады.