×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

СҚО-да миллиардтар салынған мемлекеттік сатып алуларды заңсыз өткізбек болған

28.03.2024, 17:58
Фото: Ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекеттік сатып алу саласында қадағалау күшейтіп, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қатайту шараларын қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Прокуратураның хабарлауынша, жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу саласында қадағалау органының актілері бойынша 3,3 млрд теңгеге 11 заңсыз конкурс жойылып, 17 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылға. Оның ішінде 6-ы мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін оның 3-і жұмыстан босатылып, 3-і қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілген.

– Мысалы, Тимирязев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын бұза отырып, орындалған жұмыс актілеріне қол қойып, жеткізушіге тарату желілерін қайта құрудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлегені, іс жүзінде орындалмаған жұмыс үшін сомасы 6,7 млнтеңге төлем жасалған. Нәтижесінде мемлекеттік қызметшілерге шешім дайындау және қабылдау кезінде заңсыз артықшылық танытылған. Басқа жағдайда, Тимирязев ауылдық округі әкімінің м.а. заң талаптарына қайшы, өнім берушіге балалар спорт алаңын салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмысқа 19,9 млн теңге сомасында ақы төленді.

Осындай заң бұзушылықтарға Аққайың ауданы Астрахан ауылдық округінің әкімі де жол беріп, алаң аумағын тегістеу, жоспарлау және дайындау жұмыстарына 1,3 миллион теңгеге нақты орындалмай төлеген, – деп хабарлайды құзырлы орган.

Қадағалау органының актілері және ҚР СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің ұсыныстары бойынша босату түрінде тәртіптік шаралар қабылданған. 

Қазір жергілікті атқарушы органдар қаржылық бұзушылықтарды жою шараларын қабылдап жатыр. Қадағалау органы мемлекеттік қызметшілерге «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 50-бабында көзделген босату немесе қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту туралы тәртіптік жауапкершілікті еске салады әрі қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары