Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде күзетші мен жергілікті тұрғын арасында жанжал шығып, 44 жастағы күзетші жан тапсырғаны белгілі. Бұл оқиға ел тұрғындарын елең еткізіп, түрлі пікірлер айтылып жатыр. Қазақстандықтар 3 баламен жесір қалған әйелге қаржылай көмек көрсетуді бастап кетті, деп жазады Ulysmedia.kz.
“Мазмұндама” жобасының авторы Шыңғыс Мұқан өзінің Фейсбук парақшасында бұл оқиғаға қатысты ойын ортаға салып, жесір қалған әйелге қаржылай қолдау көрсетуге шақырды.
“Әлгі айуан тұратын тұрғын үй кешенін күзететін Нұрболдың қазасына қабырғам қайысып отыр. Не болып барамыз! Ауылдан қалаға қоныстанғанның жартысы күзетші, таксиші немесе жеткізуші болып қалған жолайрықта молшылықта өскен кейбір санасыз үстемдік көрсетуге асық: ат тағады, тіл тигізеді…
Үш баласымен жесір қалған Нұрболдың жарына аз да болса көмек болсын деп 10 мың теңге аударып жібердім. 5-10 мың теңгеден ақша аударып көмектесейік. 87753750319 Асем М деп шығады Каспиден”, – деді ол.
Естеріңізге салсақ, кадрларда ер адамның күзетшіні қолымен, аяғымен де аяусыз ұрып жатқаны көрінеді. Тіпті басына секіргенін байқауға болады. Тұрғын мұнымен қоймай, оны көлгімен де үш мәрте соғады.