×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың әйелі Тоқаевқа жүгінді

30.03.2024, 12:53
Коллаж Ulysmedia

Сотталған кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың әйелі Ольга Әбдіғаппарова Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеөтініш жазды. Ол бұлтартпау шарасын өзгерту туралы мәселені қарауды сұрап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ольга Әбдіғаппарова күйеуіне күйе жаққанына сенімді. Ол бұған Елдос Қоспаев бастаған қылмыстық топты кінәлі деп санайды.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, біз сізге жұбайымның мерзімінен бұрын босату туралы апелляциялық шағымын объективті қарау үшін жүгініп отырмыз.

Қазір күйеуім әлі де түрмеде отыр. Күйеуім бізге тиесілі компанияда ұрлық жасады деп айыпталды. Шын мәнінде, күйеуім Алмас Әбдіғаппаров Елдос Қоспаевтың тапсырысы бойынша 7 жылға сотталды", - деді ол.

Кәсіпкердің жұбайы Қоспаев рейдерлік жолмен Әбдіғаппаровтың компаниясын басып алғанын айтты. Біз Esentai city LCD туралы айтып отырмыз.

"Жағдайдың парадоксы - менің күйеуім өз компаниясын тонады деп айыпталып отыр. Қазір Елдос Қоспаев бастаған қылмыстық топтың мүшелері менің жұбайыма оны босату мәселесі толығымен олардың қолдарында екенін ашық айтуда. Бірақ, барлық рейдерлік айыптардан толық бас тартқан жағдайда ғана босатылатынын алға тартуда", - деп қосты ол.

Әбдіғаппарова қылмыстық топтың әлі де шексіз қаржылық ресурстары бар екенін айтты. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 соты 2022 жылдың шілде айының басында Parmigiano Group мейрамханалар желісінің негізін қалаушы Алмас Әбдіғаппаровқа қатысты үкім шығарған болатын.

Кәсіпкердің туыстары бұл іс ойдан шығарылғанын айтты. Оның анасы мен жұбайы бұрынғы президенттің бауыры Болат Назарбаевтың адамдары бизнесті рейдерлік жолмен басып алды деп айыптады. Олардың айтуынша, Назарбаевтың жақындары бизнесменнен бопсалау және қорқыту арқылы компаниядағы үлесін тартып алған.

Серіктес жаңалықтары