Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі Жазира Байырбекова өзінің әлеуметтік парақшасында ер мен әйел арасындағы қарым-қатынас жайлы ойын айтты, деп жазады Ulysmedia.kz.
“Әйелге көп ақша жұмсасаң табысты боласың, жолың болады" деп айтып жүргендерді былай түсіндім. Әйел сыйлық жасағанда, жылы сөз айтқанда, қамқор болғанда көңілі қуанып, ер азаматына риза болып жүреді. Әйел ер адамның ризалығын алу керек дегенді көп естиміз. Ер адам да әйелдің ризалығын алу керек. Әйелдің көңілі ақшамен ғана көтеріледі дегенге келіспеймін. Бәрі жетіп тұрғаны әрине жақсы ғой. Бірақ бір тал гүлді даладан үзіп әкеліп беріп (қалжыңсыз) шын көңілімен "отбасымызға жасап жүрген еңбегің үшін" деп жылы сөз айтса да риза боламыз”, – дейді әнші.
Жазира Байырбекова әйелдерге қымбат сыйлықтан гөрі жылы сөз маңызды екенін атап өтті.
“Қымбат сыйлық жасау керек деп бар тапқандарыңызды әйеліңізге жұмсап, ата-анаңызға, бала-шағаңызға жеткізе алмай отырмаңыздар жігіттер.
Анаңызға да, әйеліңізге де сіздің ақшаңыздан бұрып жылы сөзіңіз керек. Жылулық, татулық ақшамен өлшенбейді. Мүмкін менің ойым қате шығар. Сіздер қалай ойлайсыздар?” – деді ол.