Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Ресей Федерациясының шекарасында кептеліс пайда болғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
Шекарада көлік қозғалысы да шектелуі мүмкін. Бұл су тасқынына байланысты екен.
"Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Абай және Қостанай облыстарындағы күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік құралдарының қозғалысы шектелуі мүмкін",-делінген хабарламада.
Комитет азаматтардан жол жүру бағыттарын саралап алуды еске салды.