×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстанның сексуалды спортшысы жеңіске жетті

30.03.2024, 17:30
instagram/angelina_lukas1997

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас жеңіліп көрмеген қарсыласынан басым түсті, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ангелина Лукас бүгін Таиланд астанасы Бангкокта жергілікті промоушн өткізген бокс кеші аясында спорттық мансабында жеңіліп көрмеген тай спортшысы Таньярат Джайклды (6-0, 6КО) ұтып кетті. 

Жекпе-жек әрқайсысы екі минутқа созылатын алты раундтан тұрды.

Лукас мұның алдындағы жекпе-жегін 29 ақпанда Таиланд астанасында өткізген.

Ол кезде қазақстандық боксшы төртінші раундта тағы бір тай боксшысы Кадесара Джадпакдиді (7-4, 4КО) нокаутқа жіберген болатын. 

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Ангелина Лукас ұлттық құрамадағы былық жайлы айтқан болатын.

Спортшының сөзіне сенсек, боксшылар Азия ойындары мен әлем чемпионатының алдында темекі мен кальян шегіп, ішімдік ішкен.

Серіктес жаңалықтары