×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Бельгия министрлігі өз азаматтарын Франциядағы үлкен жиындарға қатыспауға шақырды

30.03.2024, 18:13
Бельгия СІМ баспасөз қызметі

Бельгияның Сыртқы істер, сыртқы сауда және ынтымақтастық министрлігінің сайтында бельгиялықтар үшін Францияда болған кезде ескерту жарияланды, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Бельгиялықтар өте қырағы болып, үлкен жиындар мен адамдар көп жиналатын орындардан аулақ жүріп, жергілікті биліктің нұсқауын орындаулары керек. Ең жоғары қауіп деңгейі бүкіл Францияға қатысты. Жергілікті билік бұл тұрғыда нақты шараларды жариялауы мүмкін», - деп атап өтті Бельгия СІМ.

Сонымен қатар Брюссель Парижде, Марсельде, сонымен қатар Көкшіл жағалауда қырағы болуды ұсынған.

«Әсіресе, ұсақ қылмыс көп. Келесі сақтық шараларын орындаңыз: жеке куәлігіңізді немесе төлқұжатыңызды әрқашан өзіңізбен бірге сақтаңыз, ал құнды заттарлы қауіпсіз жерде қалдырыңыз. Магистральдарда және демалыс орындарында абай болыңыз. Ұрылар көліктерді айдап әкету үшін әртүрлі амалдарды қолданады. Олар апатқа ұшыраған, көлігі бұзылған құрбандар немесе көмектескісі келетіндей кейіп танытады. Көліктен түспей, жолыңызды жалғастырыңыз. А1 тасжолында әсіресе кептеліс кезінде тонау жиі болады. Қылмыскерлер кептелісте тұрған көліктер арасында жаяу немесе скутерлермен қозғалады. Жолаушы отыратын жерге немесе артқы орынға бағалы заттарды (әмияндар, компьютерлер, планшеттер және т.б.) қалдырмаңыз. Сөмкелеріңізді отыратын орын астына немесе төменге қойыңыз», - деді бельгиялық тарап Франциядағы саяхаттаушыларға.

Мәскеудегі лаңкестік әрекеттен кейін Франция үкіметі лаңкестік қауіп деңгейін көтерді. Ел президенті Эмманюэль Макронның айтуынша, «Ислам мемлекеті» ұйымы Францияда лаңкестік әрекеттер жасамақ болған.

Бұған дейін Францияның барлау қызметтері 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысудан бас тартуды ұсынғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары