×
$
447.73
€
502.98
₽
5.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.73
€
502.98
₽
5.35

Қонаевта үйдің шатыры өртенді: 120 адам эвакуацияланды

Бүгін, 18:37
Қонаевта үйдің шатыры өртенді: 120 адам эвакуацияланды

Қонаевта өртсөндірушілер бес қабатты тұрғын үйдің шатырында шыққан ірі өртті сөндірді. Ғимараттан 120 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

Шатырды ашық жалын шарпыған

Өрт туралы хабарлама 112 нөміріне түскен. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде үйдің шатыры ашық жалынмен жанып жатқан.

Өртке жоғары қауіп деңгейі берілді. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өртсөндірушілер тілсіз жауды толық ауыздықтады.

«Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады ТЖМ.

Астанада тағы бір өрт болды

Бүгін құтқарушылар Астананың Есіл ауданындағы Сауран көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйде шыққан өртті де сөндірді.

Ғимарат тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланды.