×
$
447.73
€
502.98
₽
5.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.73
€
502.98
₽
5.35

Қазақстан қарашада қанша мұнай өндіре алады? ОПЕК+ шешімі

Бүгін, 18:16
Қазақстан қарашада қанша мұнай өндіре алады? ОПЕК+ шешімі
Ulysmedia.kz коллажы

Мұнай өндіруді ерікті түрде шектеп отырған ОПЕК+ құрамындағы жеті ел қарашаға белгіленген қазіргі квоталарды өзгертпеуге келісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бұл топқа Қазақстан, Ресей, Сауд Арабиясы, Ирак, Кувейт, Оман және Алжир кіреді.

Қазақстан квотасы – тәулігіне 1,628 млн баррель

Қазақстан үшін қараша айындағы мұнай өндіру лимиті тәулігіне 1,628 млн баррель деңгейінде сақталды.

Ресейдің квотасы тәулігіне 9,949 млн баррель, Сауд Арабиясында – 10,478 млн, Иракта – 4,431 млн, Кувейтте – 2,676 млн, Алжирде – 1,007 млн, ал Оманда – 841 мың баррель болады.

Бұл көрсеткіштер 2026 жылғы қыркүйек пен қазандағы деңгеймен бірдей.

ОПЕК+ елдерінің келесі отырысы 1 қарашаға белгіленген.

Мән-жай

Бұған дейін альянс 2027 жылға арналған квоталарға әсер ететін елдердің мұнай өндіру мүмкіндігін қайта бағалау мерзімін кейінге шегерген.

Бұған АҚШ пен Израильдің Иранмен соғысы салдарынан Таяу Шығыстағы мұнай өндірісін кеңейту жоспарларының бұзылуы себеп болған.