×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Наурызда Қазақстанда инфляция төмендеді: бір айда ненің бағасы өсті

01.04.2024, 14:17
Фото: дереккөз

Биыл наурызда тұтыну бағаларының айлық индексі баяулап, 0,7% болды (ақпанда – 1,1%). Ақылы қызметтер бағасы 1,1%, азық-түлік тауарлары – 0,6%, азық-түлік емес тауарлар 0,5% өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында су бұру тарифі 6,1%, электр энергиясына – 5,9%, суық суға – 4,4%, орталықтан жылытуға – 2,4%, ыстық суға 2,3% өсті. Қонақ үй қызметтері – 1,7%, қоғамдық тамақтандыру қызметтері – 1,2%, шаштараз қызметі 0,8% қымбаттады.

Азық-түлік тауарлары арасында көкөністер мен жемістердің бағасы наурызда едәуір өскен, оның ішінде алма 4,7%, жүзім, сәбіз – 2,7%-дан, ақ қауданды қырыққабат – 1,4% қымбаттаған. Бағаның өсуі құмшекерге – 3,2%, жұмыртқаға – 1,5%, қышқыл сүт өнімдеріне – 1,3%, сүтке, нанға 0,9%-дан тіркелді. Бұл ретте қияр – 7,1%, күнбағыс майы – 5,7%, басты пияз – 5%, қарақұмық жармасы 3% арзандады.

Ағымдағы жылғы ақпанда бағаның өсуі электр-тұрмыстық ұсақ керек-жарақтарға – 3,5%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 2,5%, ұсталған жеңіл автомобильдерге – 1,7%, тоқыма бұйымдарына 0,6% байқалды, – делінген хабарламада.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Павлодар облысында – 2,1% (орташа республикалық деңгейден 1,4 п.т. жоғары), ең төменгі – Түркістан облысында 0,2% тіркелді.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Жетісу облысында – 1,1%, азық-түлік емес тауарлар – Шымкент қаласында 1,2%, ақылы қызметтер – Павлодар облысында 5,8% өсті.

2024 жылғы наурызда жылдық мәнде инфляция деңгейі 9,1% құрады. Ақылы қызметтер – 13,2%, азық-түлік емес тауарлар – 8,2%, азық-түлік тауарларының бағасы 6,9% өсті.

2023 жылдың наурыз айымен салыстырғанда тарифтер су бұруға – 42%, суық суға – 36,5%, орталықтан жылытуға – 33,2%, ыстық суға – 31,9%, қоқыс шығаруға – 30,7%, электр қуатына 26,1% өсті. Ацетилсалицил қышқыл бағасы 61,9%, парацетамолға – 47,4%, белсендірілген көмірге – 32,7%, фенистил Нью тамшыларына 24,9% өсті. Жүзім – 40,4%, қауданды қырыққабат – 25,9%, күріш –22,7% жұмыртқа – 19%, алма 18,3% қымбаттады. Керісінше жылдық мәнде басты пияз – 45%, қарақұмық – 25,1%, күнбағыс майы – 24,6%, құмшекер 10,1% арзандады, – делінген хабарламада.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

*2024 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі – 42,0%, азық-түлік емес тауарлар – 29,8%, ақылы қызметтер 28,2% құрады.

Серіктес жаңалықтары