×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстан-Ресей шекарасында көлік қозғалысы шектелуі мүмкін

01.04.2024, 16:47
Фото: kzkazan.ru

ҰҚК Шекара қызметі еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Абай және Қостанай облыстарында қалыптасқан күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарындағы көлік құралдарының қозғалысы шектелуі мүмкін, – делінген ҰҚК Шекара қызметі таратқан ақпаратта.

Өз кезегінде ҰҚК Шекара қызметі шекараның осы учаскелеріндегі өткізу пункттерінің алдында кептелістердің пайда болуы туралы хабарлайды және қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс маршруттарын түзетуді ұсынады.

Серіктес жаңалықтары