×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Азаптау: полицияға жұмысқа тұрғандардың озбырлыққа бейімділігі тексеріледі

02.04.2024, 16:19
АР

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы азаптауға қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдерін таныстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Академия не дейді?

Академия ректоры Марат Сексембаев Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері, ІІМ және оның аумақтық органдары басшыларының қатысуымен кездесу өткізген. Жиында Қазақстанда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің агрессияға бейімділігін ерте анықтау жүйесі, сондай-ақ осындай қызметкерлерге қабылданатын шаралардың одан әрі алгоритмі жоқ екені айтылған.

– Құқық қорғау қызметіне кандидаттар тарапынан агрессивті мінез-құлыққа бейімділігін анықтау әскери-дәрігерлік сараптаманың міндетіне кірмейді. Тиісті тест міндетті емес және тек психологтың қалауы бойынша жүргізіледі. Сол сияқты, бұл көрсеткіш азаптау қаупімен байланысты бір лауазымда ұзақ уақыт қызмет ететін қызметкерлерді де қамтымайды, – делінген хабарламада.

Ұсынылған жүйені толыққанды енгізу үшін қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу қажет.

– Бірінші кезекте, "азаптауды қолдану қаупі жоғары лауазым" деген ұғымды заңнамалық тұрғыдан айқындау қажет. Бұған функционалдық міндеттері бейбіт тұрғындарға қатысты белгілі бір билік өкілеттіктерінің болуын көздейтін лауазымдар, яғни тергеушілер, жедел уәкілдер, түзеу мекемелерінің қызметкерлері, учаскелік инспекторлар және басқалар кіруі керек. Осындай лауазымдарға қызметке кандидаттарды қабылдау кезінде, сондай-ақ осы тізбедегі жұмыс істеп тұрған қызметкерлерге қатысты, оларды аттестаттау кезінде немесе азаптауды қолдану туралы шағымдар түскен жағдайда агрессияға бейімділікті анықтау үшін міндетті түрде психологиялық зерттеулер жүргізу көзделсін, - делінген хабарламада.

ІІМ өкілдері Академия ұсынған тәсілдерді қолдап отыр. Заңнамалық түзетулер қабылданғаннан кейін оларды қолдануға дайын екенін де білдірген.

Қазақстандағы азаптау

2024 жылғы 18 наурызда Талдықорған соты 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар барысында азаптау фактілері бойынша бұрынғы төрт полиция қызметкеріне қатысты үкім шығарған.

2024 жылдың 19 наурызында Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде полицияның үш қызметкері адамдарды азаптағаны үшін сотталды.

Серіктес жаңалықтары