×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ресей депутаты Татарстанға шабуылдаған беспилотник «Орталық Азиядан келуі мүмкін» деп болжады

02.04.2024, 17:26
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ресейдің мемлекеттік дума депутаты Андрей Гурулев бүгін Татарстанның Елабуга мен Нижнекамскіне шабуыл жасаған дрондар "Орталық Азия даласынан ұшырылған болуы мүмкін" деп мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Депутат ұшқышсыз ұшақтардың ұшу орны мен ұшу траекториясын мамандар анықтауы тиіс дейді. Ол дрондардың Украина аумағынан Татарстанға ұшқанына күмән келтіреді.

– Бізде Орталық Азия республикалары да бар. Оның солтүстік және солтүстік-батыс жағында орналасқан далалы аудандарында іс жүзінде адам тұрмайды, бос. Олар ауада да, радиолокациялық станцияларда да еш бақыланбайды. Ол жаққа кез-келген нәрсені өткізуға болады, – дейді парламентші телеграм арнасында жарияланған видеода.

Татарстанға жасалған алғашқы дрон шабуылы Украинаның Ресей аумағына ең алыс шабуылына айналды. Ұшқышсыз ұшақтар 1,5 мың шақырымға дейінгі аралықты басып өткен. Екі дрон Нижнекамскідегі МӨЗ-ге шабуыл жасауға тырысқан, тағы екеуі "Алабуга" АЭА аумағына түскен. Ресейдің ресми билігі соның салдарынан 12 адам зардап шеккенін хабарлайды.

Серіктес жаңалықтары