×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Каспий теңізіне мұнай аққан»: NCOC түсініктеме берді

03.04.2024, 10:21
Фото: instagram / ncoc_official

Компанияның мәліметінше, NCC теңіз нысандары штаттық режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

NCOC Каспий теңізіндегі Қашаған кен орны ауданында мұнайдың төгілуі туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

Компания жауабында не дейді

– Қашаған кен орнының теңіз кешенінде мұнайдың, ағынды сулардың немесе басқа сұйықтықтардың аққаны жөнінде ақпарат дәлелденбеген.

2024 жылғы 30 наурызда SENTINEL-1A және 2024 жылғы 2 сәуірде TerraSAR-X спутниктерінен түсірілген суреттерге сәйкес, Солтүстік Каспий аумағында, соның ішінде Қашаған кен орнының "D" аралының солтүстігіндегі шағын учаскеде табиғи құбылыс байқалды. Келесі күндері түсірілген басқа суреттерде мұндай құбылыстар болған жоқ.

Жарияланымда көрсетілген "D" аралының маңындағы учаске зерттелді, ешқандай төгілу мен ағып кету фактісі табылған жоқ, - делінген хабарламада.

NCOC компаниясының теңіз нысандары штаттық режимде жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары