×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

ForteBank директорлар кеңесінің басшысын ауыстырды

03.04.2024, 14:42
ForteBank директорлар кеңесінің басшысын ауыстырды
Коллаж: ulysmedia.kz.

ForteBank директорлар кеңесінің төрағасы болып Тимур Исатаев сайланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ForteBank акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында Ердар Әбдіразақовтың директорлар кеңесінің мүшесі – банктің тәуелсіз директоры ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, қаржы құрылымының директорлар кеңесінің мүшелері және Банк акционері Болат Өтемұратовтың мүдделерінің өкілдері болған Ерлан Оспанов пен Марлен Мирзабековтың өкілеттіктері тоқтатылды.

3 сәуірден бастап Федор Попандопуло мен Туан Тұяқбаев банктің директорлар кеңесінің мүшелері – ForteBank тәуелсіз директорлары болды.

Осылайша, қазіргі ForteBank директорлар кеңесі келесі құрамда бес мүшеден тұрады:

  • Тимур Исатаев - Директорлар кеңесінің төрағасы, акционердің мүдделерінің өкілі;
  • Әнуар Өтемұратов - Директорлар кеңесінің мүшесі, акционердің мүдделерінің өкілі;
  • Талғат Қуанышев - Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  • Федор Попандопуло - Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  • Дирекан Тұяқбаев – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.