×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі: "Өзің кінәлісің"

04.04.2024, 00:42
Коллаж: ulysmedia.kz.

Экс-министрдің сот отырысындағы жауаптарын естіген бұрынғы жұбайы тағы да өз пікірін жазды. Назым Қахарман тіпті өзіне қысым көрсетілгенін де жасырмады, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Бұған дейін де сот отырыстарынан кейін өз пікірін жазып келген Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы бұл жолы да үнсіз қалмады

- Классика! Бәріне сен кінәлісің, тек қана сен. Мен де осы бір адамға сенім ұялататын сөздерді тыңдап, өзімді кінәлі сезінгендей болғанмын… Ал ол керемет, мінсіз емес. Бірақ бәріне кінәлі менмін ғой, – деп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында экс-министрдің бет-келбетін айғақтайтындай ойын жазды

Сондай-ақ Назым Қахарман экс-жұбайының өз бауырына қысым көрсетіп жатқанына сенетінін де жасырмады.

- Онымен бірге сотталушы ретінде адам тұрмақ маған да қысым жасауға тырысып жатыр, – деп Бишімбаевтың тағы бір әрекетін жария етті

 

Серіктес жаңалықтары