×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

«Көзіме шөп салғаның үшін кешірім сұрамадың да»: Салтанаттың Бишімбаевқа жазған хаты жарияланды

04.04.2024, 11:15
«Көзіме шөп салғаның үшін кешірім сұрамадың да»: Салтанаттың Бишімбаевқа жазған хаты жарияланды
Коллаж: ulysmedia.kz.

Прокурор сотта Салтанат Нүкенованың 2023 жылы 10 қазанда Қуандық Бишімбаевқа уатсап арқылы жазған хабарын оқыды,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Қуандық, мен Павлодарға кетіп барам. Енді келмеймін. Бұл күндері мен арамызда еш сезім жоқтығына көзім жетті. Ештеңені сақтап қалғым келмейді. Сен тіпті көзіме шөп салғаның үшін тіпті кешірім сұраған да жоқсың. Оның үшін ештеңе істегің де келмеді. Бәріне мені кінәлап, психотерапевтке бар деп қоймадың. Соқырлығың сонша, оныңды көтере алар емеспін. Кешір мені, ұмыт, босат. Бәрін шештім. Ата-анаммен болам, олар маған қарайды, – деп жазған Салтанат.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.