Шекара бекетінде кеденшілер мен шекарашылар шағын жүк көлігін тексерді, деп хабарлайды «Диапазон» РФ Федералдық кеден қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар инспекторлар көліктің артқы жағынан қолтырауын салынған ағаш жәшікті тапқан. Бауырымен жорғалаушының ұзындығы 1,8 метр.
Көлікті Ростов облысының тұрғыны басқарған. Қолтырауынның шетелге шығаруға рұқсат беретін құжаттары болмағанымен, заңбұзушылықпен толтырылған ветеринарлық паспорты болған.
Құжатқа сәйкес, қолтырауынның “аты” - Бакс. Ер адам оны 2009 жылы сатып алған.
Барлығы нақтыланғанша қолтырауын уақытша орналасқан жерін одан әрі анықтау үшін арнайы ұйымға беріледі.