×
489.33
566.3
6.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.33
566.3
6.74

АҚШ-та Қазақстан азаматы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Бүгін, 13:31
АҚШ-та Қазақстан азаматы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Фото: видеодан алынды

АҚШ-та қазақстандық із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

Толығырақ

Желіде оған іздеу салған ақпарат жарияланған. 

- Асет Құралбай АҚШ-та, Иллинойс штатындағы Чикаго маңында (Ford Heights ауданында) тұрып келген. Ол соңғы рет 2026 жылғы 2 маусымда байланысқа шыққан. 7 маусымнан бастап оның телефоны өшірулі.  Үйінде құжаттары мен банк карталары қалған. 10 маусым күні полиция оның Toyota Camry (DP 86722) көлігін тапқан, алайда Асеттің өзі әлі күнге дейін табылған жоқ. Қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз, іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Егер кімде-кім оны көрген болса немесе қандай да бір ақпарат білсе, жақындарына немесе тиісті органдарға хабарласуын сұраймыз, –  делінген жазбада.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та 24 жастағы Асет Құралбайдың жоғалу фактісін растады. Қазақстандық дипломаттар АҚШ билігімен байланыс орнатып, жағдайды бақылауға алған. Министрлік мәліметінше, қазақстандық тарап оқиғаның мән-жайын анықтау және азаматтың табылуына көмектесу үшін америкалық құзырлы органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Қазіргі уақытта жас қазақстандықтың АҚШ-та нақты қандай іспен айналысқаны туралы ақпарат жоқ.

Серіктес жаңалықтары