×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Шындыққа жанаспайды»: Бас прокуратура Қайрат Шәріпбаев жөнінде мәлімдеме таратты

06.04.2024, 12:28
Фото: Ашық дереккөзден

Бас прокуратура Қайрат Шәріпбаевқа байланысты БАҚ-та шыққан ақпарат шындыққа жанаспайтынын жария етті, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура не дейді?

Құзырлы орган Kaztag.kz сайтында 5 сәуірде «Бас прокуратура Дариға Назарбаеваның күйеуімен байланысты БО бойынша қылмыстық істі тоқтатты» деген мақала жарияланған.

– Шәріпбаевқа қатысты тергеу жүргізуге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақала шындыққа жанаспайды. Шынында да 03.04.2024 ж. Бас прокуратура «QazaqGaz» ҰК» АҚ басшылығына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты «Бәйтерек SA» ЖШС мүддесінде лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді тоқтатты. Алайда бұл қылмыстық іс «ҚазТрансГаз Өнімдері» АҚ және ЖШС (АҚ еншілес ұйымы) қолданыстағы басшылығына қатысты тергелді, – деп хабарлайды құзырлы орган.

Осы сотқа дейінгі тергеу аясында компанияның бұрынғы басшысы Қайрат Шәріпбаевтың қатысуы тексерілмеген. Бас прокуратура тексеру кезеңі 2022 жылдан 2023 жылға дейін, яғни «Болашақ» БО ғимаратын мемлекеттік меншікке бергеннен кейін болғанын ескертеді.

Былтыр Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында QazaqGaz ұлттық компаниясының қазіргі басшысы Санжар Жаркешов компанияны бұрын басқарған Қайрат Шәріпбаев туралы айтқан еді. Санжар Жаркешов компания бұрынырақта өз ақшасымен бір банкті қаржыландырып, инвестициялағанын, кейін ол банк банкроттыққа ұшыраған соң, өз ақшасын сол тұрғын үймен алғанын атап өткен.

Серіктес жаңалықтары