×
$
452.12
€
508.95
₽
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
452.12
€
508.95
₽
5.41

Кентаудағы өрт салдарынан 32 адамға қауіп төнді

Бүгін, 13:34
Кентаудағы өрт салдарынан 32 адамға қауіп төнді
Видео кадры

Түркістан облысының Кентау қаласында үш қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Ғимараттан 32 адам, оның ішінде жеті бала қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

Өрт Кентау қаласындағы Төле би көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің шатырынан шыққан.

Құтқарушылар шақырту түскеннен кейін небәрі үш минутта оқиға орнына жеткен. Олар келгенде үйдің шатыры ашық жалынмен өртеніп жатқан.

Өрт 250 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өртсөндірушілер тұрғындарды баспалдақ арқылы сыртқа шығарып, жалынды толық сөндірді.

ТЖМ мәліметінше, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

Бұған дейін Алматы облысы Талғар ауданының Бәйтерек ауылы маңында қоқыс өртенгені хабарланған еді.

Өрт қараусыз қалған карьер аумағында шыққан. Бұл жер тұрмыстық қатты қалдықтар заңсыз төгілетін орынға айналған.