Кеше таңертең АҚШ-тың шығыс жағалауында болған 4,8 балдық жер сілкінісінің дүмпулері Нью-Йорк пен оның айналасында сезілді. Жерасты дүмпулерінің ошағы Нью-Джерси штатындағы Ливан қаласына жақын жерде, Нью-Йорктен батысқа қарай 64 шақырымдай жерде болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Нью-Йорк пен оның маңындағы аудандарға келтірілген шығын көлемі әлі нақтыланған жоқ. Бүгінде шаһардың өрт сөндіру қызметі оның салдарын бағалап жатыр.
Американың шығыс жағалауында жер сілкінісі сирек кездеседі және бұл Нью-Йорк қаласында соңғы онжылдықтардағы ең күшті жер сілкінісі ретінде тіркелгенін атап өткен жөн.
Әлеуметтік желі қолданушылары жер сілкінісі Филадельфиядан Нью-Йоркке дейін және шығыс жағалауда Бостонға дейін сезілгенін хабарлады.
Жер сілкінісі салдарынан Нью-Йорктің бірнеше әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты.