×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстандағы су тасқыны: сотқа дейінгі 4 тергеу басталды

06.04.2024, 21:38
ТЖМ

Бас прокуратура бүгінгі күні жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланған 10 облыста уәкілетті мемлекеттік органдар тасқын салдарын жою және азайту жөніндегі шаралар қабылдап жатқанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура не дейді

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, әкімдіктер мен басқа да қызметтердің 10 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылған.

Ең күрделі жағдай Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай және Атырау облыстарында қалыптасқан.

– Прокуратура органдары нақты елді мекендерді су басу, жолдардың, көпірлердің, гидротехникалық және басқа да объектілердің қирау себептерін белгілейді.  Атап айтқанда, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы, су тасқынының алдын алу жөніндегі жоспарлардың уақтылығы мен толықтығы зерттелуде.  Қорытындысы бойынша әрбір уәкілетті органның қызметіне тиісті құқықтық баға берілетін болады. Бүгінгі таңда прокурорлар Ақтөбе, Алматы және Атырау облыстарында сотқа дейінгі 4 тергеп-тексеруді бастады, – деп хабарлайды құзырлы орган.

Жергілікті жерлердегі прокурорлар құқық қорғау органдарының заңдылық пен құқықтық тәртіп режимін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіреді. Проблемалық учаскелерді қоршау және патрульдеу, азаматтардың мүлкін қорғау қамтамасыз етілген. 

– Осы қиын кезеңде азаматтарды дүрбелеңге түспеуге шақырамыз, әрбір зардап шеккен отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес толық көлемде көмек көрсетіледі. Бұл мәселе прокуратура органдарының тұрақты бақылауында. Өтемақы алу алгоритмі Үкіметтің қаулысымен бекітілген арнайы ережелермен нақты реттелгенін түсіндіреміз. Жергілікті атқарушы органдар біржолғы материалдық көмек төлеуге кірісті. Жалпы, барлық уәкілетті мемлекеттік органдар мен құқықтық тәртіп органдары еріктілердің қолдауымен күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Су тасқынын оқшаулау және қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, – делінген хабарламада.

Бас прокуратура қалыптасқан жағдай аясында халық пен БАҚ-ты жалған ақпарат таратудан бас тартуға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. Жалған ақпаратты орналастыру, тарату әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

Қазақстандағы су тасқыны

Биылғы тасқын Қазақстанның бірнеше өңірінде болып, жылдағыдан қарағанда күрделі жағдай туғызды. Әуелі Көкшетаудағы Қылшақты өзені арнасынан асып, 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы және 12 көпқабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ "Еркөстік"балабақшасының 1-қабатына су жайылған.

25 наурызда Көкшетау қаласындағы № 22 орта мектеп ғимаратын еріген су басып қалды.

Ақтөбедегі Сазды өзені арнасынан асты.

Бас прокуратура Қазақстандағы су тасқынының салдары туралы мәлімдеме жасады. Ең күрделі жағдай Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында байқалатынын хабарлаған болатын. 

Құлсарыда мыңдаған үйді су алып кетті.

Серіктес жаңалықтары