×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Бес облыста жол учаскелерін су басты

07.04.2024, 08:31
Бес облыста жол учаскелерін су басты
Мұрағат

7 сәуір сағат 06:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай облыстарындағы 10 жол жүру учаскесінде су тасқыны орын алды, деп жазады Ulysmedia.kz.

7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 17 автомобиль жолдарында (ұзындығы 801 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, қазіргі таңда республикалық жолдарда 297 техника мен 385 адам жұмылдырылған.

Қазақстандағы су тасқыны

Биылғы тасқын Қазақстанның бірнеше өңірінде болып, жылдағыдан қарағанда күрделі жағдай туғызды. Әуелі Көкшетаудағы Қылшақты өзені арнасынан асып, 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы және 12 көпқабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ "Еркөстік"балабақшасының 1-қабатына су жайылған.

25 наурызда Көкшетау қаласындағы № 22 орта мектеп ғимаратын еріген су басып қалды.

Ақтөбедегі Сазды өзені арнасынан асты.

Бас прокуратура Қазақстандағы су тасқынының салдары туралы мәлімдеме жасады. Ең күрделі жағдай Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында байқалатынын хабарлаған болатын. 

Құлсарыда мыңдаған үйді су алып кетті.

Бас прокуратура бүгінгі күні жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланған 10 облыста уәкілетті мемлекеттік органдар тасқын салдарын жою және азайту жөніндегі шаралар қабылдап жатқанын, сотқа дейінгі 4 тергеу-тексеру амалдары басталғанын хабарлады.