×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстандағы су тасқыны: Алматыдан Атырауға қосымша әуе рейстері ашылады

08.04.2024, 09:24
Қазақстандағы су тасқыны: Алматыдан Атырауға қосымша әуе рейстері ашылады
Фото: Ашық дереккөзден

Air Astana әуе компаниясының деректері бойынша мұндай шешім сұраныстың артуына байланысты қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Air Astana әуе компаниясы Алматыдан Атырауға және кері қарай қосымша рейстер ашылатынын хабарлады.

– 9 сәуірде әуе компаниясы Алматыдан Атырауға және Airbus A321 ұшағымен KC 8770 және KC 8780 қосымша рейстерін орындайды. Әуе лайнерінің сыйымдылығы – 179 орын. Алматыдан Атырауға рейс 17.00-де ұшады. Кері рейс 21.15-те, - делінген хабарламада.

Қосымша рейстерді ашу туралы шешім Атырау облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты осы бағыттағы сұраныстың артуына байланысты қабылданған.

Ұшақ еріктілер ұйымдарынан гуманитарлық көмекті тегін тасымалдауға өтініш қабылдайды.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде біраз күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызып отыр.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма беріп отыр.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.