×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

БҚО: Тасқыннан зардап шеккен отбасылардағы 185 балалары сауықтыру лагерлерінде демалмақ

08.04.2024, 13:57

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кешегі халыққа Үндеуінде «Су тасқыны болған аймақтарда бірде-бір адам ескерусіз қалмайды, барлығына мемлекет тарапынан көмек болады» деген. Осы тапсырмаға сәйкес, БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың балалары республикалық сауықтыру лагерлерінде демалмақ.

– Баланың аты бала ғой. Эвапунктте іштері пысатын еді. Көңілдері сергіп, жақсы демалып қайтады деп ойлаймын. Олар келгенше де мына тасқынның беті қайтып, қалыпты тірлігімізге оралармыз деп сенемін. Бар жағдайымызды жасауға тырысқаны үшін билік өкілдеріне, отандастарымызға өте ризамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!, - деп Жансұлу Төрешова есімді ата-ана алғысын білдірді.

Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Хажарбибі Искандерова берген мәліметке сенсек, демалыс орындарына 185 оқушы барады деп жоспарланған. Олар Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Теректі аудандары мен Орал қаласынан. Қазіргі таңда демалыс орнына жолданған баладардың алғашқы легі жолға шықты. Бірінші лекпен аттанған 70 бала 10-24 сәуір  аралығында Алматы облысындағы "Тау Жанашар" сауықтыру лагерінде демалады.

Ал 13 бала 10-30 сәуір аралығында Алматы қаласындағы "Бөбек" сауықтыру орталығында демалады. Одан бөлек 102 бала  Қызылорда облысы Қазалы қаласындағы "Камбаш" сауықтыру орталығына жолданды. Ол жақта оқушылар 10 күн демалатын болады,-деді білім басқармасының бөлім басшысы Хажарбибі Искандерова.

– Біздің үй су кіретін болған соң біздерді автобуспен спорт залға жеткізді. Ал, бүгін біздерді Алматыға лагерге жіберіп жатыр. Қасымда эвакуциялық пунктте танысқан достарым да бар. Мен бұрын Алматыда болмаған едім, ол жақтағы демалысымыз жақсы өтеді деген ойдамын. Біздерді Алматы қаласына жіберген аға-апаларға, ата-анама ризамын,- дейді қуанышын жасыра алмаған Ж. Досмұхамедов атындағы МББК оқушысы Оразбек Сырымбек.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде біраз күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызып отыр.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма беріп отыр.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары