×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстан өмір сүру ұзақтығы бойынша 193 елдің ішінде 105-орынды иеленді

02.11.2021, 09:45
Фото: Ашық дереккөзден

Биыл 1 қыркүйекте Қазақстан халқының саны 19 млн адамды құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,4%-ға артық. Оның ішінде ерлер саны 1,5%, 9,2 млн адамға дейін, әйелЕлде халықтың орташа жасы 31,9 жасты құрады, оның ішінде әйелдердің орташа жасы - 33,5 жасты, ерлердің орташа жасы - 30,2 жасты құрады.дер 1,3%, 9,8 млн адамға дейін өсті. Елдегі әйелдер саны ерлер санынан 6%-ға  артық, деп хабарлайды ranking.kz.

Worldometer мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылы әлем халқының өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен 73,2 жасты құрады: әйелдер үшін 75,6 жас және ерлер үшін 70,8 жас.

Орта есеппен ең ұзақ өмір сүру жасы Гонконгта тіркелген: 85,29 жыл. Көшбасшы елдердің үштігіне Жапония мен Макао да кірді. Ең аз өмір сүру ұзақтығы Орталық Африка республикасында (барлығы 54,36 жыл) және Чадта (55,17 жыл) тіркелді.

Қазақстан бұл рейтингте 193-тен 105-ші орынға ие болды.

Сонымен қатар, халқы ұзақ өмір сүретін елдер ішінде ең аз айырмашылық Исландияда (әйелдердің пайдасына 2,75 жыл), сондай-ақ Норман аралдарында, Швейцария мен Австралияда (сәйкесінше 3,49, 3,6 және 3,72 жыл) байқалды.

Әйелдер мен ерлердің өмір сүру ұзақтығындағы ең елеулі айырмашылық посткеңестік елдерде байқалады: Литва (10,73 жыл), Ресей (10,53 жыл), Беларусь (9,75 жыл), Украина (9,71 жыл) және Латвия (9,56 жыл). Қазақстан ер мен әйелдің өмір сүру жасында ең көп айырмашылығы бар он елді тұйықтайды.

Серіктес жаңалықтары