×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы Әзербайжаннан экстрадицияланды

11.04.2024, 14:28
Фото: видеодан скрин

Ұйымдасқан қылмыстық топты құрған және оның қызметіне басшылық еткен азамат Әзербайжаннан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура және Қаржы мониторингі агенттігі күдіктінің қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. 2016-2018 жылдары аралығында күдікті Қазақстанға халық тұтынатын тауарларды контрабандалық жолмен әкелумен айналысқан. Сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтарған қылмыстық топты басқарған. Осы қызметтің нәтижесінде мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген. 

Қылмыс жасағаннан кейін ол тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды. Кейін күдікті Әзербайжан аумағында ұсталды. Әзербайжан республикасының Бас прокуратурасы Қазақстанның Бас прокуратурасының оны ұстап беру туралы сұрау салуын қанағаттандырды.

Қазір ол Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды. Қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында Маңғыстау облысының соты осы ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне қатысы бар 12 адамды түрлі жазаға соттаған болатын.

Серіктес жаңалықтары