×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп жатыр

14.04.2024, 10:05
Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп жатыр
Коллаж Ulysmedia

Жайық өзенінің Орал қаласы тұсындағы деңгейі бір тәулікте 12 сантиметрге көтерілді, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапановтың 14 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі мәліметіне қарағанда, өзен деңгейі 755 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті.

Жайық деңгейі Бәйтерек ауданы Январцев гидробекетінде 1 сантиметрге (803 см, қауіпті деңгейі – 1 250 см) төмендегенімен, басқа тұстарда жоғарылағаны байқалады. Айталық, Оралдан басқа Көшім ауылы тұсында өзен деңгейі 739 (+21 см), Тайпақта 448 (+8) сантиметрді көрсетті.

Оған қоса Көшім каналындағы су деңгейі 4 сантиметрге өсіп, қауіпті шектен (800 см) 7 сантиметрге асып кетті.

Сондай-ақ Бәйтерек ауданында Рубежка өзеніндегі су деңгейі 816 сантиметр (+7, қауіпті шегі – 1000 см) болды.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қазгидромет Жайықтың Қазақстан аумағында ең қатты толатын күндерін атаған еді.