×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

«Өсекшілер...»: Әнші-актерлар Димаштың $1 млн бөлгенін қызу талқылап жатыр

14.04.2024, 14:49
Коллаж Ulysmedia

Әлеуметтік желіде оқырмандар өнер жұлдыздарының су тасқынынан зардап шеккендерге бөлген қаражат мөлшерін сынап жатыр. Тұрғындар бір Димаштың өзі $1 млн бөлгенде, той-концерттен миллиондап табыс табатын әншілердің аз сома бергеніне қапалы. Бұған өнер жұлдыздарының өз айтары бар, деп жазады Ulysmedia.kz.

Әнші Шаһизада “100 мың теңге ғана аударды” дегендерге былай деді:

“Мен өз басымда ешкімде шаруам жоқ, сіздердің де бізде шаруаларыңыз болмасын. Осылай өсекшілерге айтқым келеді. Өнер адамдарынан 500-міз жиналдық та, бір чат аштық. Сол жерде 2 миллион, 1 миллион, одан кейін 100 мың теңге бергендері бар. Өсекшілер, қанша ақша жиналғанын сіздер қайдан білесіздер. Ана жақтағы өсекті тыңдап, мына жақтағы өсекті тыңдап, біздің күнәларымызды мойындарыңызға алып жатырсыздар. Димаш миллион доллар берді, сендер 100 мың теңгемен шектелдіңдер дегенді қойыңдар. Сол Димаштың қолынан миллион долларды санағандай сөйлеп отсыңдар. Мүмкін одан да көп берген болар. Осыған күлкім келіп отыр. Ешкімді салыстырмаңыздар. Құдай емессіздер», – деді әнші.

Актер Қайрат Әділгерей мәселе ақшаның мөлшерінде емес екенін айтты.

“Димаш миллион доллар берді дейді. Енді сол ақшаның халыққа жететініне алаңдап шу шығарса болады. Бізді 100 мың берді деп айғайлап жатырсыздар ғой. “Үкімет, ақшаның халыққа жетуін қадағалаңдар!” деп енді байбалам салса болады”, – деді актер.

Сондай-ақ ол мешітті де халық салатынын, су тасыса, орман өртенсе, бала ауырса, жер сілкінсе де халық жылу жинайтынын айтып, Үкіметтің не тындырып жатқанына күмәнмен қарайтындай сыңай танытты.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін әнші Мадина Сәдуақасова су тасқынынан зардап шеккен халықты дүрлікпеуге шақырған еді.

Димаш «Демеу Қазақстан» қайырымдылық қорына 15 млн теңге көлемінде қаржылай көмек аударған.

Серіктес жаңалықтары