×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қазақстанның бірнеше облысында өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін

15.04.2024, 12:28
Фото: egemen.kz

Синоптиктер алдағы күндері Қазақстанның қай өңірінде өзен деңгейінің көтерілу қаупі барын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, атмосфералық фронттардың салдарынан Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады.

Оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі, ал солтүстікте түнгі уақытта қар аралас жауын-шашын болады деген болжам бар.

Жалпы Қазақстан бойынша найзағай, тұман күтіледі, жел күшейіп, оңтүстікте дауыл болуы ықтимал. Сонымен қатар еліміздің төрт облысында гидрологиялық дауылдық ескерту жарияланған.

Төрт облыс бойынша гидрологиялық қолайсыз ауа райына байланысты ескертулер сақталуда. 16 сәуірге дейін Алматы облысында қар көшкіні бойынша ескерту жарияланды. Абай облысы мен ШҚО бойынша дауылды ескерту бар, мұнда еріген су және беткейлік ағындардың қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі. Қостанай облысында 17 сәуірге дейін облыстың солтүстік және солтүстік-шығысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілу қаупі бар. Сондай-ақ Жамбыл облысында 16 сәуірге дейін таулы және тау бөктеріндегі аудандарда көлбеу ағынның қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде, - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова. 

Серіктес жаңалықтары