Пусан қаласындағы қазақ жастары ҚР Бас консульдығымен біріге отырып, Кореядан елімізде су тасқынынан жапа шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Көмекті қай мекен жайда қабылдайды
Онда гигиеналық заттар, төсек жабдықтары, резеңке етік, балалар киім-кешектері мен аяқ-киім секілді қажет заттар бар.
Осы заттарды Кореяда жүрген әр адам өзінің жағдайы келгенше сатып алып, поштамен Пусандағы өзіміздің консульдыққа жібере аласыздар.
Пусандағы Бас Консульдықтың мекен-жайы:
부산 동구 중앙대로 244, 2층;
FLOOR 2, 244, Jungang-daero, Dong-gu, Busan;
051 496 7003
Қабылдаушы: Kazakhstan! – делінген хабарламада.
Қазақстандағы су тасқыны
Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.
Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берді.
Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.