×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ақтөбе спорт мектебіндегі баланың өлімі: екі оқушы қамауға алынды

15.04.2024, 16:40
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бірнеше күн бұрын Ақтөбедегі олимпиадалық резерв мектебі-колледжінде 14 жастағы оқушы есінен танып көз жұмған еді. Сол оқиға бойынша бір күдікті ретінде екі оқушының қамауға алынғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Диапазон басылымына сілтеме жасап.

Қамауға алынғандар

Полиция бүгін осы іс бойынша спорт мектебінің екі оқушысы қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынғанын хабарлады. Адам өліміне әкеп соқтырған бұзақылық және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ, спорт мектебінің басшылығы мен педагогтар өз міндеттеріне дұрыс қарамады деп күдікке ілінген.

Мектеп басшысы не дейді

Бүгін спорт мектебінің директоры Қайрат Әжбағамбетов журналистердің сұрағына жауап беріп, оқушының өлімі жайлы айтқан.

– Мен мұнда екі айдан бері ғана директор болып жұмыс істеймін. Бізде мұндай оқиғалар ешқашан болған емес, бірде-бір оқушы полицияда есепте тұрған жоқ. Қазір бізде 300 оқушы оқиды, олар үнемі жүлделі орындарға ие болып келеді. Республикалық турнирлерде, Азия және әлем чемпионаттарында жеңімпаз атанады. Кезекші оларды сапқа тұрғызған, осы уақытта бірнеше бала жатақхана бөлмесіне кіріп, есікті жауып алған. Бұл оқиға сол кезде болды, қазір тергеу жүріп жатыр. Қазір іске тартылған барлық балалар мен зардап шеккен бала оң мінездемеге ие, спортпен шұғылданды, жақсы оқыды.

Оқиға қалай болды?

11 сәуірде Ақтөбедегі Есет батыр атындағы облыстық мамандандырылған интернат-колледжінде 8-ші сынып оқушысы есінен танып қалған. Келген жедел жәрдем қызметі оны құтқара алмай, жас бала ажал құшты. Сол кезде полиция денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағаны хабарланған еді. 

Соңғы ақпараттарға қарағанда, полиция бір күдіктіні қамауға алған. Күдіктінің ұсталғанынан басқа ақпаратты құзырлы орган таратқан жоқ.

Баланың туыстарының жазбасы

Әлеуметтік желіге баланың ағасы жазды делінген (пост авторы көрсетілмеген – бір жерде Мұсағали Дауылов атты азамат таратады) жазба тараған еді. Ол жазбада туыстары баланың өліміне жоғарғы сынып оқушыларын кінәлайды.

– Бексұлтан Әбубәкір бауырымды жоғары сыныптың оқушылары ұрып өлтірді. Сол күні кешке бауырларым бөлмелерді жинамағаны үшін дедовщинаға ұшыраған. Төбелес кезінде Бексұлтанды алдымен тоғызыншы сынып оқушылары ұрған. Артынша, оныншы сынып оқушысы бетінен тағы екі соққы жасаған. Кеудесінен де. Қатты соққыдан бауырым еденге құлап, есінен танып қалады. Бексұлтан ұрып-соққаннан көз жұмды, - деп жазады пост авторы. 

Ал мектеп басшылығы сол күні кезекшілік еткен бапкерді де полицияға алып кеткенін хабарлайды.

Серіктес жаңалықтары