×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Байжановтың сөзінен кейін Астананың тергеу изоляторында қызметтік тексеріс жүргізілетін болды

15.04.2024, 18:42
Коллаж Ulysmedia

ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитеті экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша екінші сотталушы Бақытжан Байжановтың сөзіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 ҚАЖК не дейді?

- Бауыржан Мусин “Біз азаптауға қарсымыз" қоғамдық бірлестігінің мүшесі. Бұл ұйым өз қызметін екі жақты меморандум шеңберінде жүзеге асырады. Өз кезегінде, пенитенциарлық мекемелерде адам құқықтарының сақталуына мониторингті ұйым мүшелері жұмыс уақытында мекеме қызметкерлерінің сүйемелдеуімен жүзеге асырады. Айыпталушы Б. Байжанов көрсеткен фактілер бойынша ҚАЖ Астана қаласы бойынша департаменті қызметтік тексеру жүргізеді, – деп хабарлайды комитет.

Мусин деген кім? Оның қатысы қанша?

Түске дейінгі сотта сотталушы Бақытжан Байжанов өзіне Бауыржан Мусин атты адам төрт рет келгенін айтқан еді. 

– Мусин маған төрт рет келді. Жататын кез болған. Мені камерадан алып шықты, мен барсам, жанында Бишімбаев тұр екен. Демек, ол мені кездестірмек болған. Мен бірден кері бұрылып, кетіп қалдым. Әкімшілікке мені енді бұлай әкелмесін деп айттым. Себебі мен де, адвокаттарым да олай сұрамаған едік. Сонда да ол маған екі-үш рет келіп, әрдайым Салтанаттың отбасына мені қарсы қоймақ болды, – дейді Байжанов сот отырысында.

Байжанов Мусиннің қоғамға белгілі адам екенінен хабарсыз екенін айтты.

Ал Мусин өзінің есімін сотта атап, "Бишімбаевпен бірге маған келді" деген Байжановқа арыз жазбақ.

 

Серіктес жаңалықтары