×
$
444.4
€
488.97
₽
5.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.4
€
488.97
₽
5.39

Аян Өтепберген Испанияда өткен кинофестивальде үздік актер атанды

Бүгін, 17:48
Аян Өтепберген Испанияда өткен кинофестивальде үздік актер атанды
instagram.com/otepbergen_ayan

Қазақстандық театр және кино актері Аян Өтепберген Испанияда өткен X Isla Calavera халықаралық фантастикалық кинофестивалінде «Үздік актер» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Астанадағы Музыкалық жас көрермен театрының әртісі аталған марапатқа «Sicko» фильміндегі рөлі үшін ие болды. Оған актер Джек Тейлор атындағы жүлде табысталды.

Фестивальдің қазылар алқасы Аян Өтепбергеннің актерлік шеберлігін жоғары бағалап, кейіпкердің болмысын нанымды жеткізгенін, драма мен юморды шебер үйлестіргенін атап өтті.

Айта кетейік, «Sicko» фильмі фестивальде үш марапатқа ие болды. Атап айтқанда, картина «Үздік толықметражды фильм», «Үздік актер» және «Үздік костюмдер» аталымдарында жеңімпаз атанды.

Isla Calavera халықаралық фантастикалық кинофестивалі жыл сайын Испанияның Канар аралдарында өтеді. Биыл мерейтойлық оныншы фестиваль 6-15 қараша аралығында Тенерифе аралында ұйымдастырылды.

Сізге қызық болуы мүмкін