×
450.79
482.21
5.05
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
450.79
482.21
5.05

«Биліктің беделін түсіруге бағытталған науқан»: Назарбаев қоры мәлімдеме жасады

16.04.2024, 13:12
Фото: Facebook/Нұрсұлтана Назарбаев қоры

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы қор өкілдері желіде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанда су тасқыны болып, ахуал өткір сипат алып тұрған шақта кейбір әлеуметтік медиа Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «биліктің беделін түсіруге және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған ақпараттық науқан» жүргізіп отыр деп жариялады. Жасырын дереккөз жариялаған ақпаратты жеке тұлғалар да айтып, негізсіз айып тақты. Нұрсұлтан Назарбаев қоры бұл жарияланым мен мәлімдеменің ешқандай объективті әрі нақты негізі жоқ деп мәлімдеме жасау қажет деп санайды. Қор қоғамға шынайы және сенімді ақпарат берудің маңыздылығын атап көрсетеді, - делінген хабарламада.

Қор өкілдері қордың қызметінде саяси да, ақпараттық-манипуляциялық та сипат жоқ екенін атап өтті. Олардың сөзінше, қордың жұмысы тек әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды дамытуға, ел жастарды қолдауға, қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған.

Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты және оның саяси бағытын әрдайым қолдағанын және қолдайтынын айтамыз. Бұл күндері ел тұрғындары сияқты Тұңғыш президент те су тасқынынан зардап шеккен жандарға алаңдап отыр. Біз мемлекет басшысы мен үкіметтің ел өңірлерінде бұрын-соңды болмаған су тасқынының салдарын жою жөніндегі шарасын толығымен қолдаймыз, - делінген хабарламада.

Осы ретте қор өкілдрі Нұрсұлтан Назарбаев қоры зардап шеккен өңір тұрғындарын қолдау үшін алғашқылардың бірі болып ақша аударып, қаржылай көмек көрсеткенін мәлімдеді. 

Серіктес жаңалықтары