×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Жамбыл облысында 12 жастағы қызды жүкті қылған педофил сотталды

16.04.2024, 19:17
Фото: Ашық дереккөзден

Соттың мәліметінше, педофилия бойынша айыпталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жамбыл облысының сотында 12 жасар қызды зорлады деп айыпталған ер адамға үкім шықты.

Сот айыпталушының кінәсі толығымен дәлелденген деп шешті.

– Бұл қылмысты жасағаны үшін заңда 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жаза көзделген. Педагогикалық қызметпен өмір бойы айналысу құқығынан айыра отырып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғаннан жәбірленушінің пайдасына 3 млн теңге сомасында моральдық зиян, өкілдік шығыстарға 300 мың теңге материалдық зиян өндірілді", - деп хабарлады сотта.

Оқиға жайлы

Бұл оқиға 2023 жылдың қарашасында анасы қызын зорлау туралы айтқан кезде жарияланды. Содан кейін "Айгөлек" балабақшасында күзетші болып жұмыс істеген 55 жастағы ер адам ұсталды.

Сондай-ақ, күдікті аудандық мәслихат депутатының күйеуі екені белгілі болды.

Зорлау құрбанының жүктілігін білім бөлімінің басшылары жасырған. Қыздың анасы мектеп әкімшілігі оны түсік жасатуға рұқсатсыз жібергенін айтты.

Серіктес жаңалықтары