×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

"Бөгет салуға иттер де көмектесіп жатыр": желіде қызықты бейнежазба тарады

17.04.2024, 19:45
afishi_atyrau инстаграмм парақшасынан

Атырауда бөгет салуға көмектескен ит көпшіліктің жылы сезімін тудырды деп хабарлайды  Ulysmedia.kz

Көңіл тебірентерлік жазба afishi_atyrau инстаграмм парақшасында жарияланды. Бейнежазбада егде әйелмен қатар арқасына қап артқан үй жануарын байқайсыз.

“”Біздің төртаяқты достарымыз да тыс қалып жатқан жоқ “– делінген жазбада. 

Қазақстандағы су тасқыны 

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді. 

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген. Солтүстік Қазақстанда су өзеннен тасып,  облыс орталығының бірнеше ауданын су басты. 

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын. 

 

Серіктес жаңалықтары