×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Қазақстанның қай өңірлері табиғи өртке дайын емес екені белгілі болды

17.04.2024, 20:44
Ашық дереккөзден

Экология және табиғи ресурстар министрлігі 158 мемлекеттік орман иелерін тексеріп, бірнешеуінің өрт болған жағдайда оған дайын емес екендігін анықтады. Олардың ішінде 2023 жылы 15 адамның өмірін қиған "Семей орманы" резерваты бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz   

Не болды? 

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Төтенше жағдайлар  министрі Шыңғыс Әріновтың қатысуымен өрт қауіпті кезеңге дайындық бойынша кеңес өткізді. Осы кеңесте бірнеше орман иелерінің өрт бола қалған жағдайда оған дайын емес екендігі анықталды. Оның ішінде 15 адамның өмірін қиған "Семей орманы" резерваты мен Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары бар.  

Бұл өңірлерде резевртің жоқтығы, орман өрт сөндіру  ғимараттарының авариялық жағдайы немесе мүлде болмауы, өрт сөндіру мұнараларының жетіспеушілігі, арнайы техниканың тозуы тіркелген. Әсіресе рация мен арнайы киім-кешектің жетіспеушілігі жиі анықталған. 

 "Біз Абай және Қостанай облыстарында болған ірі табиғи өрттердің салдарын жақсы есімізде сақтаймыз. Әрбір қызметкерді өртке қарсы құрал – жабдықтармен, рациондармен және қажетті құрал-жабдықтармен міндетті түрде қамтамасыз етуге ерекше назар аударғым келеді", - деді Қанат Бозымбаев. 

Тарих 

2023 жылдың 8 маусымында Абай облысында тұтанған өрт, 60 мың гектарға тараған еді. Төтенше жағдай кезінде "Семей орманы" резерваты Новошульба филиалының 14 қызметкері, сондай-ақ жергілікті тракторшы қаза тапты. Өртті сөндіруге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1500-ден астам адам мен техника тартылды. Өрт тек 13 шілдеде жойылған. 

Серіктес жаңалықтары