×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Кімдікі дұрыс: таксиші балалары көлікте тамақ жеген әйелден түсуін талап етіп дау шықты

17.04.2024, 21:26
zhaloby.astana инстаграмм парақшасынан

Астанадағы пабликтердің бірінде такси жүргізушісінің екі балалы әйелмен дауласқан сәті тарады деп хабарлайды Ulysmedia.kz   

Не болды?

Астанада екі балалы әйел такси шақырған. Шақырту бойынша келген такси жүргізушісі әйелден салонда балалардың тамақ жемеуін өтінген. Бірақ әйел де, оның балалары да жүргізушіні тыңдамаған. Көлігінде тамақ жеп, қалдығын түсіре бастағаны ұнамағасын жүргізуші әйелден түсуін сұраған. Бірақ, әйел бас тартады. Керісінше телефонын алып шығып: “Полиция келгенше көліктен түспеймін” деп отырып алады. Дау кезінде әйелдің кішкентай қызы жүргізушіге ортаңғы саусағын көрсеткенін де байқауға болады. 

Кімдікі дұрыс?

Паблик авторы жазбаны жариялап: “Кімдікі дұрыс?” деп сауалнама жүргізген. Дауыс бергендердің 94% әйелдікі дұрыс емес деп дауыс берген.   

Серіктес жаңалықтары