×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Автобус күтіп тұрған үш әйелдің үстіне әйнек құлаған

17.04.2024, 23:32
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәлімдемесінен

Оқыс оқиға кеште Ақтөбе қаласында болған деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Не болды?

Оқиғаның мән-жайын Ақтөбе облыстық полиция департаменті баяндады. Үш әйел Молдағұлова даңғылының бойында аялдамада автобус күтіп тұрған. Сол сәтте аялдамада жарнама қалқанын орнату жұмыстары жүріп жатқан. Кенет әйнек қақпақ құлап, тура үш әйелдің үстіне түскен.  

Ресми орган мәлімдемесі 

“Әйнек қақпақ автобус күтіп тұрған үш әйелдің үстіне құлады. Зардап шеккен үшеу медициналық мекемеге жеткізілді” деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті. 

 Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.  

 

Серіктес жаңалықтары