×
442.84
480.97
5
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.84
480.97
5

Туризм министрінің туыстары туризм бизнесінде жұмыс істей ме

18.04.2024, 14:27
716.kz

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев "туризм саласында туыстарыңыз жұмыс істей ме?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Сіз бір сұхбатыңызда туыстарыңыз бизнеспен айналысатынын жасырған жоқсыз. Қазір туризм министрлігіндесіз. Туристік салада бизнесте сіздің туыстарыңыз жұмыс істей ме? Жұмыс істеген жағдайда мүдделер қақтығысын туындатпай ма? – деген сұрақ министрге қойылған.

Министрдің қазақ тіліндегі жауабы былай шықты.

– Ешқандай не (?) жоқ. Ол жұмыспен біздің жұмысымыз ешқандай кездеспейді, – деді ол.

“Яғни мүдделер қақтығысы жоқ деп есептейсіз бе?” деген сұраққа ол “жоқ” дейді.

Еске сала кетейік, бір жыл бұрын Ақмола облысы әкімі кезінде журналист Асхат Ниязовқа берген сұхбатында Ермек Маржықпаев туыстарының атында жер барын, олар шаруашылықпен айналысатынын айтқан еді. Сол сұхбатында Маржықпаев әйелі де бизнеспен айналысатынын мәлім еткен. “Агробизнес те бар” деген еді ол.

Серіктес жаңалықтары