×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қырғызстаннан келген гуманитарлық көмекке азаматтар таласып қалды

18.04.2024, 19:27
netip.kokshe инстаграмм парақшасынан

Инстаграмм желісінде тараған жазбадан тасқыннан зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмекке таласқан азаматтарды байқауға болады, деп хабарлайды, Ulysmedia.kz

Не болды? 

Оқиғаның нақты қай қалада болғаны белгісіз. Видео авторы “Қостанай әлде Петропавл?” деп сұрау салған. Пікірлердің басым бөлігі бұл Петропавл қаласы деген. Оқиғаның ұзын-ырғасы Қырғызстаннан келген гуманитарлық көмек алуға асыққандар. Көрші елдің азаматтары ұлардай шулаған қазақстандықтарды сабырға шақырып жатыр. Бұл жазбаға: “ұят емес пе?, “бұлай масқара болып не қажеті бар?” деп пікір қалдырып жатыр. Ал кейбіреулер қазір елде қиын сәт екенін айтып, видеодағы азаматтарды түсінуге шақырды. Енді біреулер мұндай көмектер тізіммен берілуі керектігін айтқан. 

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары